"Тыныштық сақтауды сұраймыз": Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

2590

Қорғаныс министрлігі 13 наурызда өтетін шеруге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Тыныштық сақтауды сұраймыз": Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: gov.kz

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 13 наурызда Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды.

"Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған. Бұл уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ, Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысының уақытша шектеулері енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз.

Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу