"Тыныштықты бұзуды жөн көрдім". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі үндеу жасады

15866

Үрейлі, ауыр және ұят.

"Тыныштықты бұзуды жөн көрдім". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі үндеу жасады Фото: instagram.com/nazymkakharman

Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым Салтанат Нүкенованың өлімі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Салтанат Нүкенованың қайғылы қазасынан 40 күннен астам уақыт өткенде Назым Бишімбаева instagram-ғы парақшасына жазба жариялады.

"Тыныштықты бұзуды жөн көрдім. Балалар мен маған не болғанын түсіну үшін уақыт қажет болды. Балаларым бәріміз Салтанаттың отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Мен оны жеке танымадым, бірақ балалар онымен дос болды. Оны жарқын, мейірімді, өте жанашыр адам ретінде еске алады. Бұл қайғылы жағдайдың ауырлығы – оның өздеріне жақын, тірекші, қамқор, үлгі болуы керек адамның жасауында. Оған қоса, үрейлі, ауыр және ұят. Балаларым басына түскен қиыншылықтарға қарамастан, олар әрқашан жақсылық жағында болатынына сенемін", - деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу