ТЖ кезеңінде кредитке айыппұл мен өсімпұл есептелмейді

1205

Төтенше жағдай кезеңінде кредиттің төлем мерзімін өткізіп алған жағдайда оған айыппұл мен өсімпұл есептелмейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

ТЖ кезеңінде кредитке айыппұл мен өсімпұл есептелмейді

Ол бүгінде банк секторындағы ахуал тұрақты екенін атап өтті.

"Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және халықпен бизнес үшін банк қызметтерін толық көрсету үшін банктердің меншікті капиталы мен өтінімділігінің айтарлықтай қоры бар. Банктер капиталының жеткіліктілігі ең төменгі талаптардан 3 есе көп, өтінімділікті реттеу мәні 4 еседен асады", – деді төрайым Үкімет отырысында.

Ол төтенше жағдай аяқталғанға дейін кредитке айыппұл мен өсімпұл есептелмейтінін айтты.

"Халыққа және бизнеске қолдау көрсету үшін биыл 11 қаңтарда агенттік төтенше жағдайдың енгізілуі салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін беру бойынша бұйрық қабылдады. Төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша төлем мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым енгізілді. Сондай-ақ шағым қызметі тоқтатыла тұрады", – деді Мәдина Әбілқасымова.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу