14 сәуірде Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қаланың полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов осылай деді.
Полиция өкілінің айтуынша, ол үшін тиісті құжаттар болу керек.
"Яғни ата-аналардың тіркелу туралы құжаты, баланың туу туралы куәлігі болу керек. Блок бекеттерде балалардың қызуы тексеріледі. Содан кейін олар 14 күн бойы үй карантинінде жатуы тиіс", - деді Саденов.
Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекеттік комиссия астанадағы ТЖ режимін 30 сәуірге дейін созған болатын. Ереже бойынша тұрғындардың қалаға кіріп-шығуына тыйым салынды. Ал оған бағынбағандар қазір жазаға тартылып жатыр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу