ТЖ режимі: Нұр-Сұлтанда құқық бұзушылық саны айтарлықтай азайды

1357

Қылмыс саны 34%-ға төмендеген.

ТЖ режимі: Нұр-Сұлтанда құқық бұзушылық саны айтарлықтай азайды

14 сәуірде Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде қаланың полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов ТЖ кезіндегі қоғамдық тәртіпке байланысты онлайн брифинг өткізді. Оның айтуынша, шаһарда ТЖ режимі жарияланғалы құқық бұзушылықтар саны кеміген. 

"Жалпы алғанда, карантин кезінде қылмыс саны 34%-ға, ауыр қылмыс 43%-ға, аса ауыр қылмыс 32%-ға төмендеді. Оның ішінде ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтар саны азайды. Жол көлік оқиғасы саны 76%-ға кеміді. Көлік қозғалысы ережесін бұзғандар 67%-ға азайды. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар айтылған ережелерге құлақ аспай, карантин режимін бұзуда. Түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін полиция бөліміне 2838 адам жеткізілді. Оның ішінде 1770 кісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қамауға алынғандар саны - 166, айыппұл салынғандардыкі - 1126, ескерту жасалғандардыкі – 408. Ал сот қаралымына 70 материал жіберілді. 36 адам кісі мас күйінде көлік айдап, жүргізуші құқығынан айырылды", - деді Саденов. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекеттік комиссия астанадағы ТЖ режимін 30 сәуірге дейін созған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу