ТЖ режимін бұзған Жапония депутаты отставкаға кетеді

759

Ақпанның басында үш депутат партия қатарынан шығарылған еді.

ТЖ режимін бұзған Жапония депутаты отставкаға кетеді

Төтенше жағдай режимін бұзған, яғни шектеуге қарамастан кешке қарай клубқа барған Жапония парламентінің төменгі палатасының депутаты Такаки Ширасука отставкаға кетеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Либерал-демократиялық партиясының атынан тағайындалған бұл депутат енді келесі парламенттік сайлауға қатыспайды.

Ресми дерек бойынша, 10 ақпанда ол бір әйелмен сағат 20.30-да клубқа кіріп, бір жарым сағаттай сол жерде болған. Төтенше жағдай режимі бойынша, үкімет мейрамханалар мен барлардан сағат 20.00-де жабылып, бір сағат бұрын алкоголь сатуды тоқтатуды талап етіп отыр. Ережені бұзған тамақтану орнына енді 2,8 мың доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. 

Ақпан айының басында дәл осы ережені бұзған Либерал-демократиялық партиясының үш депутаты партия құрамынан кетуге мәжбүр болған еді. Басқарушы коалицияға кіретін центристік "Комайто" партиясының бір депутаты да кеште клубта ішімдік ішкені үшін отставкаға кетті. 

Төтенше жағдай режимі Токио мен тоғыз префектурада енгізілген. Шектеу 7 наурызға дейін ұзартылды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: nippon.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу