Алматыға қолаңса иіс тарады. Қою түтін мен жүрек айнытар жағымсыз иістен қала көшелері әлі сейілген жоқ. Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер түнімен қызыл жалынмен алысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары. Сүйінбай даңғылы 50 мекенжайы бойынша бүгін түнде жойылған жоғары жанғыш жүктемесі бар қоймадағы өрттің салдарынан (аумағы s=295 м2) түтін байқалады. Өрттің қалдығы өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмейді",- деп атап өтті ведомстводан.
Мамандар өрт болған жерге жақын тұратын тұрғындарға далаға шықпауға кеңес берді.
"Осыған байланысты сабырлы болуды және бетперде тағуды сұраймыз. Тыныс алу органдары аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден, әсіресе өрт болған жерге жақын тұратын тұрғындарға шықпауға кеңес береміз",- деп атап өтті департамент өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қойма өртенгенін жазған болатынбыз.