Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Синоптиктер болжамы бойынша, 18 ақпанға қараған түні Алматыда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.
"Алматы Төтенше жағдайлар департаменті көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде жолдарда аса сақ әрі мұқият болуға шақырады", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу