ТЖД астаналықтарға ескерту жасады

471

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарында мұз қату кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады, деп жазады inbusiness.kz.  

ТЖД астаналықтарға ескерту жасады Фото: egemen.kz

Бүгінгі таңда мұздың қалыңдығы 2-4 см-ге жеткен, сол себепті де оған шығу қауіпті. Көп адам сақтық шараларын елемей, өз өміріне қауіп төндіреді.

Бір адамға арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 7 см-ден кем болмауы керек. Жаяу өткелдердің қалыңдығы 15 см болуы тиіс.

Су қоймасындағы мұздың қалыңдығы барлық жерде біркелкі емес. Әсіресе өзен сағалары мен салаларында мұздың беті әлсірейді.

ТЖД мамандары мұздың беріктігін көзбен анықтауға болатынын айтады: көк мұз – берік; ақ мұздың беріктігі 2 есе аз; сұр, күңгірт ақ немесе сарғыш реңкті мұз сенімсіз.

Егер сіз суық суға түсіп кетсеңіз не істеу керексіз?

  • Үрейленбеңіз, кенеттен қимыл жасамаңыз, тыныс алуды тұрақтандырыңыз.
  • Қолдарыңызды екі жаққа жайып, денеңізге ағыс бағытында көлденең позиция беріп, мұздың шетіне ілінуге тырысыңыз.
  • Кеудеңізді мұздың шетіне ақырын қойып көріңіз, бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды мұзға лақтырыңыз.
  • Егер мұз төтеп берсе, баяу жорғалаңыз немесе жағаға қарай домалаңыз.
  • Келген жаққа қарай жорғалаңыз, себебі мұндағы мұз қазірдің өзінде беріктікке тексерілген.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу