"EXPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық шеңберінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде мамандарды ағылшын тіліне оқыту курстары басталды.
Тіл үйренуге қалалық департамент және оның ведомстволық бағынысты әрі құрылымдық бөлімшелерінің инженерлік-инспекторлық құрамынан 62 адам тартылды.
Оқу бағдарламасына сәйкес, бастаушы және жалғастырушы топтарға барлығы 72 академиялық сағат жоспарланған. Курс аяқталысымен қызметкерлер ағылшын тілінде өзін-өзі таныстыру, шетелдік қонақтармен әңгіме жүргізу бойынша тестілеуден өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу