Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Төртқараев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы дүкендерден сатып алу керек. Сондай-ақ өнімнің жарамдылық мерзіміне, сартқы қабының ашылмауына назар аудару маңызды. Пиротехниканы құрғақ үй-жайда және жылу көздерінен барынша алысырақ сақтау шарт", – деді спикер.
Сонымен қатар ол пиротехниканы қолдану арнайы ережелерді сақтау керегін ескертті. Атап айтқанда:
- балалардың өз бетімен ракеталар мен петардаларды ұшыруына жол бермеңіз;
- қауіпті аймақ (50 метр) радиусында пиротехниканы жағуға кедергі болатын ештеңе жоғына көз жеткізіңіз;
- пиротехниканы тұтату кезінде ешқашан қораптың үстіне еңкеймеңіз;
- фитильді тұтату кезінде қол созым аралығындай орын қалдырыңыз;
- өнімді қатты жел кезінде қоспаңыз;
- пиротехниканы егер ол іске қосылмаған болса, қайта қосуға тырыспаңыз;
- ракеталар мен фейерверктерді адамдар мен жануарларға қаратпаңыз, хлопушкаларды аяқ астына тастамаңыз;
- фейерверктерді жағу алаңы мен тұрғын үйлерге дейінгі ең аз қашықтық 50 метр болуы керек. Алаңда ағаштар, электр желілері және басқа да кедергілер болмауы керек, бұл отшашулар бағытын өзгерте алады.