ТЖД тауға шығуға ниетті туристерге нұсқаулық әзірледі

2052

Алматыда қалың қар жауып, дауылды ескерту жарияланды. 

ТЖД тауға шығуға ниетті туристерге нұсқаулық әзірледі

15 қараша Алматы маңындағы тау бөктеріне қалың қар жауды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖД-ға сілтеме жасап.  

Сондықтан ТЖД тауға бір күнге болса да шығуға ниетті туристерге қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Атап айтқанда:
- Ең алдымен ыңғайлы киім киіңіз;
- Өзіңізбен бірге міндетті түрде жылы киім, ұялы телефонға қосымша қуат көздері, шам және от жағуға арналған құралдар, GPS навигатор алып жүріңіз;
- Тауға шықпас бұрын ықтимал қауіптерді мұқият бағалау керек, ауа-райы мен кедергі келтіретін жағдайларды ескеру керек;
- Тұман немесе тәуліктің қараңғы уақытында тауға  шықпау керек;
- Қауіпті, жартасты учаскелерді тек аса қажет болған жағдайда еңсеру керек;
- Топтан қалып қалмай, бірге жүріңіз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу