ТЖД тұрғындарға алыс сапарға көлікпен шықпауды ескертеді

1037

ТЖД тұрғындарға алыс сапарға көлікпен шықпауды ескертеді

Шығыс Қазақстан облысында боран тұрып, қар аралас жаңбыр жауды. Тіпті өткен демалыс  күндері  облыстың кейбір жерлерінде сынап бағанасы  25 градусқа дейін төмендеді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті халықты алыс жолға шықпауға шақырды, деп хабарлайды 24.kz.

Десе де сапардан бас тартпайтындарға  жол бойында жылыну пунктері ашылғанын хабарлады.  Жалпы өңірде осындай 16 пункт жұмыс істеп тұр. Олардың 4-уі  Өскемен - Семей, Алматы-Семей,Семей-Павлодар және Омбы-Майқапшағай бағытттарында орналасқан.  Аталған орындарда тәулік бойы дәрігер, фельдшер, құтқарушы сынды 5 маман кезекшілік атқарады.

"Сонымен қатар бұл пунктің мамандары  ары бері өтіп жатқан жолаушылар  қандай да бір көмек сұраған жағдайда оларға қол ұшын береді. Ал қысқы уақытта ол жер жылынатын орын ретіне де қызмет көрсетеді. Мәселен, тек соңғы екі жыл ішінде ол пунктерге жалпы 170 тен астам адам тоқтап жылынып ары қарай сапарларын жалғастырған", - дейді  ІІМ ТЖК "Медициналық апат" орталығы филиалының басшысы Мәулен Тәкежанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу