ТЖК басшысы Қарағандының су басқан аймағын әуеден бақылады

710

ТЖК басшысы Қарағандының су басқан аймағын әуеден бақылады

ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Қарағанды облысында су тасқыны жүрген аймақтың үстінен ұшып өтті, деп хабарлайды inform.kz.

Үйлерді су басқан елдімекендер мен жол учаскелері басты назарда болды. Комитет төрағасы халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралардың қаншалықты деңгейде екенін тексерді.

Бақылау барысында Нұра ауданы Киевка кентінің аумағын да тексеріп өтті. Нұра және Шерубай-Нұра өзендері арнасы тексерілді. Ұшу бағыты Шерубай-Нұра, Ынтымақ су қоймасы арқылы өтті.

"Тексеру барысы барлық судан қорғау аймағын, елдімекендерде су деңгейін үздіксіз бақылау жалғасып жатқанын көрсетті. Қазір облыс аумағында алдын алу шаралар кешені жалғасып, су тасқыны жағдайының күнделікті мониторингі жүргізіліп жатыр. Оның беталысына талдау жасалады", – дейді өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.

Су деңгейінің төмендеуіне байланысты Чкалово ауылында су басқан 34 үйден, Бұқар Жырау ауданының Садовое ауылында 16 үйден су кетті. Қызылжар ауылынан көшірілген 267 адам үйлеріне оралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу