ТЖМ әскери қызметшісі Алакөлде суға батып бара жатқан азаматты құтқарды

371

Аға сержант Толымбек Болат жедел әрекет етіп, 1959 жылы туған ер адамның өмірін сақтап қалды.  

ТЖМ әскери қызметшісі Алакөлде суға батып бара жатқан азаматты құтқарды Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Алматы облысындағы Алакөл көлінің жағалауында жаяу патрульдеу кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері суға батып бара жатқан ер адамды байқап, жедел әрекет етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аға сержант Толымбек Болат еш кідірместен суға түсіп, зардап шегушіні жағаға аман-есен алып шықты.

Құтқарылған азаматтың 1959 жылы туғаны анықталды. Оқиға орнына жедел түрде жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам медицина қызметкерлерінің қарауына тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, тек рұқсат етілген орындарда шомылуға және өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу