ТЖМ әуе паркіне еуропалық үлгі бойынша қызмет көрсетіледі

439

Францияның Ле Буржесіндегі авиасалонда "Қазавиақұтқару" әлемдегі жетекші тікұшақ қозғалтқыштарын өндіруші Safran Helicopter Engines компаниясымен арнайы шартқа қол қойды. 

ТЖМ әуе паркіне еуропалық үлгі бойынша қызмет көрсетіледі Фото: Хабар

Бұл қызмет көрсету және жөндеу мерзімдерін едәуір қысқартады. Еуропадағы құтқару қызметтерінің көпшілігі осы принцип бойынша жұмыс істейді.

"Біздің қозғалтқышты белгілі бір жерде жөндеудің қажеті жоқ, олар оның орнына басқасын береді. Бұл шамамен 7-10 күнді алады. Яғни бұған айлар кетпейді. Бізде жұмыс 4-5 айға немесе одан да ұзақ уақытқа созылатын кездер болды", - деп "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры Болат Абайділдинов айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу