ТЖМ авиациясы пневмонияға шалдыққан баланы Атырауға жеткізді

258

2014 жылы туған балаға қаладағы медициналық мекемеде мамандандырылған көмек қажет болған.  

ТЖМ авиациясы пневмонияға шалдыққан баланы Атырауға жеткізді Фото: Бейнежазбадан

Санитариялық авиация қызметі аясында Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Қызылқоға ауданының Миялы ауылынан 2014 жылы туған баланы Атырау қаласына жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балаға екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Осыған байланысты оған қалалық медициналық мекемеде мамандандырылған көмек көрсету қажет болған.

Жедел әрі қауіпсіз тасымалдау үшін тікұшақ бортында бес экипаж мүшесі мен екі медицина маманы болды.

ТЖМ авиациясы экипажы мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында бала Атырауға уақытылы жеткізіліп, әрі қарай ем алу және медициналық бақылаудан өту үшін мамандарға тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу