ТЖМ балалардың терезеден құлауының алдын алатын шараларды айтты

517

Терезедегі москит торлары қауіпсіздікке кепілдік бермейді.

ТЖМ балалардың терезеден құлауының алдын алатын шараларды айтты Фото: google

Соңғы уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайлары жиілеп кеткен.Мәселен, өткен аптада ересектердің қарауынсыз қалған 6 балала терезеден құлап кетті. Балаларды қараусыз қалдыру және терезелерді ашуға қарсы қорғаныс құралдарының болмауы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері болып отыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Көбінесе қайғылы жағдайлардың негізгі себептеріне ата-аналардың кіші балаларын қарау жауапкершілігін үлкен балаларына жүктеу, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін елемеу және москит торларына сену жатады. Өйткені, көбінесе балалар оларға сүйеніп, тормен бірге терезеден құлап кетіп жатады, бұл жазатайым оқиғаларға әкеледі. Москит торы қайғылы жағдайдың жиі кездесетін себебі болып табылады, өйткені бала ешқандай қауіп жоқ деп ойлап, терезеге еркін сүйене береді. Москит торлары баланың салмағын ұстап тұруға арналмағанын есте ұстаған жөн.

Осыған байланысты ТЖМ келесі шараларды сақтауды сұрайды: 

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Балалар бар пәтерде терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен жарақталуы керек;

Терезе тұтқасын бала өздігінен аша алмайтындай етіп құлыптаңыз;

Баланың терезеге шығуына жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алысқа қойыңыз;

Баланы терезенің алдында тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, себебі бала сіз болмағанда оны қайталауы мүмкін;

Балаларға ересек адамдарсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефоны бойынша құтқару қызметіне хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу