"Бүгін, таңертеңгі сағат 06:30-да республикалық маңызы бар "Алматы - Өскемен" тасжолының 778-967 шақырым арылығында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына салынған тыйым алынды", - делінген мәліметте.
Еске салайық, Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылы арасындағы аталған учаскеде шектеу 16 қараша күні, сағат 22.40-та енгізілген болатын. Оған басты себеп - боран, жолдың көрінбеуі болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу