ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

278

Министрлік ата-аналарды суға шомылу кезінде балаларға абай болуға шақырып отыр. 

ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады Фото: freepik

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ведомствоға сілтеме жасап.

Министрлік ата-аналарды суға шомылу кезінде балаларға абай болуға шақырып отыр.

"Балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар", - делінген хабарламада.

Судағы қауіпсіздік ережелері:

шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;

тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;

қалқымалардан аса жүзуге болмайды;

мас күйінде суға түспеңіз;

су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу