ТЖМ "Қазмырыштағы" жарылыстың алдын ала себебін атады

552

Тергеу жалғасып жатыр.  

ТЖМ "Қазмырыштағы" жарылыстың алдын ала себебін атады Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Қазмырыш" зауытындағы жарылыстың алдын ала себебін атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Жұмысшылар қаза болған "Востокцветмет" шахтасында және "Қазмырыш" зауытында орын алған екі ірі авария бойынша тергеу жалғасып жатқаны айтылды. Бейінді сарапшылардың қатысуымен тиісті сараптамалар мен зерттеулер тағайындалды.

"Алдын ала болжам бойынша "Востокцветмет" шахтасында орын алған аварияға, тау-кен жұмыстарын жобалық құжаттама талаптарын бұзып жүргізу және жұмыс өндірісінің тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы себеп болған. "Қазмырыш" зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы салдарынан орын алды деген болжам бар. Бұған дейін осы объектілерде техникалық құжаттамаларға сай келмеу, техникалық құрылғылардың мерзімін ұзарту сараптамаларының болмауы, жобалық құжаттамадан ауытқу, өндірістік бақылаудың әлсіздігі, сондай-ақ тозған жабдықты уақтылы ауыстырмау сияқты өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы анықталғанын айта кеткен жөн", – деді ведомство басшысы.

Тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорындарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу