ТЖМ кубогын Atameken Business жеңіп алды

428

Астанада алғаш рет өрт сөндіру-құтқару көпсайысы FireFit бойынша Төтенше жағдайлар министрінің кубогы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ТЖМ кубогын Atameken Business жеңіп алды Фото: ТЖМ

Жарысқа "Хабар", Atameken Business, "Бірінші Еуразия", "Астана" телеарнасының, сондай-ақ "Қазинформ" халықаралық ақпарат агенттігінің, Qogam News, Zakon.kz, Kursiv Media, "Алаш Орда", Press.kz, "Азаттық радиосы" және "Тізгін" басылымдарының командалары қатысты.

Іс-шараның ашылуында вице-министр Рамиль Камалов сөз сөйлеп, Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің құттықтауын оқып берді.

Министр өз үндеуінде журналистер қауымына министрлік қызметін жан-жақты әрі объективті жариялап келе жатқандары үшін алғыс білдіріп, қатысушыларға жарысты лайықты деңгейде аяқтауға тілек білдірді.

Жарыс бағдарламасы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті қызметіндегі нақты міндеттерге негізделген 8 кезеңнен тұрды.

Қатысушылар барлық кезеңді толық жауынгерлік киіммен және арнайы жабдықпен өтіп, құтқарушылар қызметінің физикалық жүктемесі мен жоғары жауапкершілігін өз тәжірибесінде сезінді.

Алғашқы ТЖМ Министрі кубогының иегері Atameken Business командасы атанды. 2-орынды Qogam News иеленсе, 3-орын "Хабар" телеарнасына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Министр кубогымен, дипломдармен, естелік сыйлықтармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жаңа форматтағы жарыс бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ТЖМ қызметкерлерінің жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп, министрлік пен медиа қауымдастық арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтудың тағы бір тиімді алаңына айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу