ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан ҚР Кубогында бірінші орын иеленді

342

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 15 команда құрамында 240-қа жуық спортшы қатысты.

ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан ҚР Кубогында бірінші орын иеленді Фото: ТЖМ

2026 жылғы 26-29 тамыз аралығында Щучинск қаласындағы "Жақсы-2" спорт базасында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кубок қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің BATYR TEAM құрама командасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

Бұл нәтиженің маңызы ерекше. Себебі ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Кубогына қатысу тарихында алғаш рет жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.

Жарыс "Өзін-өзі қорғау" және "Жекпе-жек" атты екі бағыт бойынша өтті. Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша ТЖМ спортшылары жалпы 41 медаль жеңіп алды:

  • 12 алтын медаль
  • 11 күміс медаль
  • 18 қола медаль

Сонымен 15 команда мен 240-қа жуық спортшы арасында жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді. Бұл жетістік ТЖМ қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі дайындығын, жаттықтырушылар құрамының кәсіби жұмысын және команданың ауызбіршілігін көрсетеді.

ТЖМ Қазақстан Республикасының құрама командасы – BATYR TEAM спортшылары министрлікті республикалық спорт аренасында лайықты таныстырып, ТЖМ жүйесінде қоян-қолтық ұрыстың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу