Бұл жұмыстарға алғаш рет ұшу құрамын дайындау мақсатында Төтенше жағдай министрлігінің құтқару авиациясы жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.
Құтқару авиациясының ұшу құрамы өрт сөндіру, адамдарды апаттар мен зілзала орындарынан эвакуациялау, науқастарды медициналық орталықтарға тасымалдау, төтенше жағдайлардың салдарын жоюмен айналысады.
"Мамандар зардап шеккен адамдарды әуе кемесіне көтеруге машықтанды. Ұшқыштар тікұшақты әуеге көтеріп, зардап шеккен адамдарды әуе кемесіне көтеру жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстарды атқару кезінде оларға бірнеше ондаған метр биіктікте тікұшақты ұстап тұру қажет болатын", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Ақпаратқа сәйкес, аталмыш жаттығуға Қазавиақұтқару ұшу құрамы, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамы қатысты.
"Жаттығу жоспарына сәйкес теңіз акваторийінде болған авария туралы ақпарат келіп түсті. Зардап шеккен адамдар жағалау мен теңізден анықталды. Ол жерге эвакуациялау жұмыстарын жүргізуге техниканың өту мүмкіндігі болмағандықтан, құтқару авиациясы жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.