ТЖМ құтқарушылары Алматы облысында тауда жарақат алған туристі эвакуациялады

113

Құтқарушылар зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетті.  

ТЖМ құтқарушылары Алматы облысында тауда жарақат алған туристі эвакуациялады Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысының Қарасай ауданында шамамен 2650 метр биіктіктегі Терра алаңы маңында турист қыз жарақат алып, көмекке жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таудан түсу кезінде ол аяғын қайырып алып, өздігінен қозғала алмаған. Оқиға орнына ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің мамандары жетіп, зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Құтқарушылар оны таудан төменге түсіріп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Алдын ала диагноз бойынша туристің аяғы сынған және кеуде қуысы соғылған.

Зардап шеккен әйел одан әрі тексеріліп, қажетті медициналық көмек алу үшін мамандарға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу