ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларынан адасқан туристті тапты

88

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.  

ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларынан адасқан туристті тапты Фото: gov.kz

Түнде Алматы облысы Қарасай ауданының таулы аймағында, биіктігі 4400 метр болатын "Жас гвардия" шыңы маңында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрліктің мәліметінше, 1998 ж.т. жігіт 27 желтоқсан күні шамамен сағат 19.00-де "Жас гвардия" шыңына шығу үшін жолға шығып, сол уақытта соңғы рет байланысқа шыққан. Кейіннен оның ұялы телефоны сөніп қалған.

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Құтқару қызметінің қызметкерлері жоғалған азаматты "Кеңестер шыңы" маңынан тауып, оны "Үлкен Алматы көлі" бақылау-құтқару пунктіне дейін түсірді. Турист медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу