ТЖМ құтқарушылары екі демалушыны құтқарды

464

Бұл туралы ТЖМ баспасөзі хабарлады. 

ТЖМ құтқарушылары екі демалушыны құтқарды Фото: gov.kz

Оқиға Ақсай шатқалында болды. Құтқарушыларға көмек сұрап мопед мінген турист келді.Оның досы отбасымен демалып отырған жерінде, кенеттен ауырып қалыпты. Құтқарушылар аталған орынға жедел жетті, ер адам жерде ес-түссіз күйде эпилепсиялық ұстама болып жатты. Құтқарушы – медик Евгений Мұстафин жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті.

Ер адамның бақытына орай ол жалғыз емес еді, мұндай ұстама сырқат адамның өзі үшін де, айналасындағылар үшін де күтпеген жерденболады және өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Құтқарушылар 38 жастағы ер адам өзіне-өзі келгеннен кейін, РЖҚЖ жедел көлігіне отырғызып, қалаға дейіналып барып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Жедел жәрдем көлігі тауға көтеріле алмады.

Екінші құтқару оқиғасы Кіші Алматы өзенінің шатқалында құтқарушыларға көмекке,жарақаттанғантуристың куәгері жүгінді. Зардап шеккен адамның айтуынша, ол аяғыныңсаусағын сындырып алғандықтан, өздігінен жүре алмайды. ТЖМ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті, зақымдалған аяқ бөлігін бекітіп, таңғышпен таңды. Содан кейін альпинистік арқандардың көмегімен әйелді"Лесничество"жартасынан, таудың етегіне апарып туыстарына тапсырды. Олар жедел жәрдем шақырудан бас тартты, ауруханаға өздері баруға шешім қабылдады.

Егер сіздің қасыңызда досыңыздың эпилепсиялық ұстамасы болса-ұстамды болыңыз, үрейленбеңіз. Ұстама кезінде науқасты күштеп ұстауға болмайды, конвульсивті көріністерді шектеуге тырыспаңыз. Есін біліп жатса асфиксияны болдырмау үшін, науқасты қауіпсіз жерге қырымен жатқызған жөн. Егер ес - түссіз болса,өміргіне аса қаттықауіп төнген жағдайда ғана қозғалта аласыз. Жағасын ашыңыз, эпилепсиялық ұстаманыңбасталу уақытын белгілеңіз және жедел жәрдем шақырыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу