Құтқарушылар Есіл өзеніндегі жүзу құралдарының дайындығын тексерді

128

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Петропавл қаласына жақын орналасқан бөгет маңындағы бөлімшенің жауапкершілік аймағында Есіл өзенінің акваториясында жүзу құралдарының дайындығын тексерді.

Құтқарушылар Есіл өзеніндегі жүзу құралдарының дайындығын тексерді Фото: ТЖМ

Іс-шара барысында заманауи аэроқайықтар, катерлер және моторлы қайықтар қолданылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Техника жоғары жүріс сипаттамаларын және пайдалану сенімділігін көрсетті, ал құтқарушылар өзара үйлесімді әрекет етіп, жылы мезгіл кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайын екендіктерін дәлелдеді.

Қарда-батпақта жүретін техниканың мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Қажет болған жағдайда ол жетуі қиын учаскелерде және таяз су айдындарында пайдаланылады.

Жүргізілген тексеру өңірдегі су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күштер мен құралдардың толық дайын екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу