Атырау облысында өзен арқылы аралға өткен үш жасөспірім өздігінен жағаға қайта алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Атырау қаласы Зарослый ауылы маңында болған оқиғаға байланысты "112" пультіне хабарлама түскен.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел жетіп, қайықтың көмегімен жасөспірімдерді қауіпсіз түрде жағаға эвакуациялады.
Анықталғандай, жасөспірімдер мінген үрлемелі қайық техникалық ақауға байланысты істен шыққан. Соның салдарынан олар өздігінен жағаға қайта алмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу