ТЖМ құтқарушылары түн ішінде қамыс арасынан 2 адамды тапты

115

Қатты жел мен толқын екі адамды жағалаудан 4 шақырымға алып кеткен.  

ТЖМ құтқарушылары түн ішінде қамыс арасынан 2 адамды тапты Фото: Бейнежазбадан

Астана су қоймасында SUP-бордпен серуендеген екі ер адам қатты жел мен толқын салдарынан жағалаудан 4 шақырымдай қашықтап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2001 және 2002 жылы туған азаматтарды іздеуге Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД құтқарушылары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары шамамен төрт сағатқа созылып, ер адамдар түнгі сағат 1-де қамыс арасынан табылды.

Белгілі болғандай, олар іздеу кезінде ұйықтап қалып, құтқарушылардың дабылын естімеген. Медициналық көмек қажет болмады.

Су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін азаматтар ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құтқарушылар суға шығар алдында ауа райын ескеріп, қолайсыз жағдайда су айдындарына бармауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу