ТЖМ құтқарушылары Үлкен Алматы шыңы маңында адасқан 8 жасөспірімді құтқарды

247

3681 метр биіктікте құтқару операциясы жүргізілді.  

ТЖМ құтқарушылары Үлкен Алматы шыңы маңында адасқан 8 жасөспірімді құтқарды Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Үлкен Алматы шыңының маңында теңіз деңгейінен 3681 метр биіктікте адасып қалған сегіз жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Құтқару қызметімен бірлесіп жедел құтқару жұмыстарын жүргізді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірімдер тауға алдыңғы күні таңертең өздігінен көтерілген. Алайда бағыт бойында соқпақтан адасып, өз күштерімен төмен түсе алмаған. Олардың тауда қалғаны туралы хабарлама түскен бойда құтқарушылар жедел әрекет етіп, жасөспірімдердің нақты орналасқан жерін анықтады.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар сегіз жасөспірімді қауіпсіз бағытпен алып жүріп, "Алма-Арасан" экобекетіне дейін аман-есен түсірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек ешқайсысына қажет болмаған.

ТЖМ тұрғындарға тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлап, ауа райын бақылауға, қажетті құрал-жабдықтарды алып жүруге және жақындарына жүретін бағыты туралы міндетті түрде хабарлап кетуге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу