ТЖМ құтқарушылары жоғалған тікұшақтың бөлшектерін тапты

234

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖМ құтқарушылары жоғалған тікұшақтың бөлшектерін тапты Фото: ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Отар елді мекені аумағында байланыс үзілген Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағына қатысты оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жалғастыруда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығында жүргізілген ғарыштық мониторинг барысында Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясында майлы дақтың болуы мүмкін екендігі анықталды.

– ТЖМ құтқарушылар тобы шұғыл түрде аталған аймаққа шықты. Іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Жұмыс барысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі болуы мүмкін әуе кемесінің фрагменттері табылды, – делінген ақпаратта.

Эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және суасты дрондары сияқты арнайы жабдықтар пайдаланылуда.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 200-ге жуық адам, 40 бірлік техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және 2 ТЖМ әуе кемесі тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу