ТЖМ қызметкерлері Тез өрбитін су тасқыны қаупін бағалау жүйесі бойынша екінші жаһандық семинарға қатысты

425

19-23 маусым аралығында Солтүстік Македония Республикасындағы Скопье қаласында Тез өрбитін су тасқыны қаупін бағалау жүйесі (FFGS) бойынша екінші жаһандық семинар өтуде. 

ТЖМ қызметкерлері Тез өрбитін су тасқыны қаупін бағалау жүйесі бойынша екінші жаһандық семинарға қатысты Фото: ТЖМ

Іс-шара Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымымен (WMO) алпыс қатысушы ел үшін ұйымдастырылды, олардың шақыруы бойынша Қазақстаннан ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Нұрланұлы Амрин және "Қазгидромет" РМК Бас директорының орынбасары Серік Бияхметұлы Саиров қатысты, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Семинар барысында Р.Н. Амрин су тасқыны кезеңі басталғанға дейін жыл сайын өткізілетін "Қазгидромет" РМК ұсынатын ел аумағының гидрометеорологиялық болжамды деректері (алдын ала, нақтыланған және апта сайынғы гидроболжамдар), NASA спутниктерінен Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық суреттері негізінде қар жамылғысының карталары негізінде ТЖМ-нің Қазақстан Республикасындағы су тасқынының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралары туралы баяндама жасап, ТЖМ презентациясын көрсетті.

Сондай ақ семинарда 40-тан астам елдер мен ұйымдардың су тасқынына байланысты бірқатар презентациялар ұсынылды ("Жаңа жаһандық спутниктік өнімдер: Өздігінен калибрленетін көп өлшемді жауын-шашынды іздеу", "Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның жаһандық деректерді өңдеу және болжау жүйесі / WМО Біріктірілген өңдеу және болжау жүйесінің су тасқынын болжау орталықтары", "Жаһандық қамтуы бар су тасқыны туралы ескерту жүйесінің тұрақты даму стратегиясы").

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу