ТЖМ: Сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды

125

Қазіргі уақытта барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

ТЖМ: Сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды Фото: ТЖМ

Қазақстан Төтенше жағдай министрлігі командалық орталығының базасында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, сондай-ақ көшкін қаупі және сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізді. Қосымша ЖП патрульдік полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету объектілері зақымданған-зақымданбағанын тексеріп шығады.

Қазіргі уақытта барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Жедел әрекет ету үшін Қазақстан ТЖМ мен ТЖД Командалық орталығында жедел желі ашылды:

+7 7172 55-96-21
+ 7 262 51-35-75

Қазақстан ТЖМ командалық орталығының базасында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.

Қазақстан ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі және аумақтық бөлімшелермен бейнеконференция арқылы байланыс өткізілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда ден қоюға дайын.

Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан. Мамандар оларды зерттеу үшін өзара іс-қимыл ұйымдастырды - қауіп жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу