Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жекелеген азаматтар үйлерін тастап кеткісі келмеді, олармен келіссөздер жүргізуге көп уақыт кетті. Бірақ эвакуация олардың қауіпсіздігі үшін жалғыз ғана шешім болып табылатыны түсіндірілді. Құтқару кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттарға, әйелдер мен балаларға басымдық берілді. Су басу аймақтарынан барлығы 119 мыңға жуық адам алдын ала, оның ішінде 44 мыңнан астамы бала эвакуацияланды", - деді спикер.
Ол құтқарушылар мен жұмылдырылған барлық қызметкер тәулік бойы және өте қиын жағдайларда жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Мәселен, бүгінде су тасқынын жоюға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңға жуық техника, 310 жүзу құралдары мен 13 тікұшақ қатысып жатыр