ТЖМ тасқынмен күреске 160 млрд теңге сұрап отыр

887

270 мың қазақстандық тасқын қаупі бар елдімекендерде тұрады.

ТЖМ тасқынмен күреске 160 млрд теңге сұрап отыр Фото: Мария Матвиенко

Төтенше жағдайлар министрлігі тасқын қаупі бар 276 елдімекеннің жағдайын 2023 жылға дейінгі өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Министр Юрий Ильин аталмыш жол картасын іске асыру үшін қомақты қаражат керек деп отыр.

"Су басу қаупі бар аймақта республика бойынша 276 елдімекен қалып отыр. Бұл 270 мыңнан астам адам деген сөз. Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа Жол картасы бекітілді. Оны іске асыруға республикалық бджеттен 131,6 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден 28,6 млрд теңге теңге бөлу жоспарланып отыр", - деді ведомство басшысы Үкіметтің отырысында. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу