Ол тез тұтанғыш, тіпті кездейсоқ лақтырған сіріңке немесе темекі тұқылдары өртке әкелуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мамықты өртеу ерекше қауіп төндіреді, оны балалар ойын ретінде қабылдайды. Көбінесе өрт тез таралып, машиналарға, ғимараттарға және тұрғын үйлерге ауысады, – дейді мамандар.
ТЖМ кеңес береді:
- Егер сіз біреудің мамықты өртеп жатқанын көрсеңіз, өтіп кетпей тоқтап, түсіндіріңіз, қажет болған жағдайда құтқарушыларды шақырыңыз.
 - Балалармен сөйлесіңіз – "отпен ойнау" қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін түсіндіріңіз.
 - Үйлердің, гараждардың, дүкендердің жиналған мамықтан тазартыңыз. Су төгіңіз, өртемеңіз!
 - Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: рұқсат етілмеген жерлерде темекі шекпеңіз, құрғақ жерлер мен мамықтың жанында ашық от жақпаңыз.
 - Өртті сөндіруден оның алдын алу оңайырақ. Бей-жай қарамаңыз, терек мамығы бірнеше секунд ішінде өртке ұласып, оның зияны орасан зор болуы мүмкін.
 
Өзіңізге, жақындарыңызға және айналаңыздағыларға қамқор болыңыз!
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу