ТЖМ тікұшағы Екібастұздан Павлодарға екі сәбиді шұғыл эвакуациялады

213

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ТЖМ тікұшағы Екібастұздан Павлодарға екі сәбиді шұғыл эвакуациялады   Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Қазавиақұтқару бөлімшесінің тікұшағы Екібастұз қаласынан Павлодарға шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 2 сәбиді эвакуациялады. 

Сәбилерге дереу мамандандырылған медициналық көмек қажет болғандықтан, құтқарушылар тиісті шараларды шұғыл қолға алды.

Ұшуды тікұшақ экипажы мен медициналық бригада бірлесе, үйлесімді ұйымдастырды. Нәтижесінде, тасымал сәтті әрі қауіпсіз жүзеге асты.

Павлодар қаласына қонған бойда балалар дәрігерлерге тапсырылып, облыстық медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазавиақұтқару қызметі күрделі және төтенше жағдайларда жедел әрекет етіп, халыққа дер кезінде көмек көрсету миссиясын абыроймен атқарып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу