ТЖМ тікұшағы науқасты Баянауылдан Павлодарға шұғыл жеткізді

204

ТЖМ тікұшағы кезекті шұғыл санитарлық тасымалдауды жүзеге асырды.

ТЖМ тікұшағы науқасты Баянауылдан Павлодарға шұғыл жеткізді Фото: gov.kz

"Қазавиақұтқару" АҚ ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, науқасты шұғыл түрде тасымалдауды жүзеге асырды. Тікұшақ 1955 жылы туған ер адамды Баянауыл ауылынан шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Павлодар қаласына жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында науқас облыс орталығына аман-есен жеткізіліп, медициналық мамандарға тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу