"Қазавиақұтқару" әуе кемесінің экипажы Павлодар – Екібастұз – Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейс орындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұшқыштар Саукинбек Керим мен Асилхан Азаматтың, сондай-ақ медициналық бригаданың кәсіби және үйлесімді әрекетінің нәтижесінде пациент дер кезінде емдеу мекемесіне жеткізілді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы санитарлық тапсырмаларды орындауға әрдайым дайын. "Қазавиақұтқару" тікұшақтары елдің ең шалғай аймақтарына да ұшып, адам өмірін сақтап қалуға қызмет етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу