ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені тасымалдау үшін санитарлық рейс жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кеше санитарлық авиацияның өтінімі бойынша "Қызылорда - Жосалы - Қызылорда" бағыты бойынша тікұшақпен ұшу жүзеге асырылды.
Санитарлық авиация тікұшағы кішкентай пациентті жедел жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл әсіресе жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету кезінде аса маңызды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу