ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізуге шақырды

383

50 және одан да көп адам жиналатын орында кемінде 2 эвакуациялық шығу жолы болуы тиіс.

ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізуге шақырды Фото: Pixabay

Бүгін "Атамекен" ҰКП алаңында "Қауіпсіз жаңа жыл" баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жиында кәсіпкерлер мен тұрғындарға мерекелік жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары туралы айтылды.

ТЖМ еске салады:

  • мерекені өткізер алдында үй-жайлардың жай-күйін, олардың өрт қауіпсіздік ережелеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін міндетті түрде тексеру қажет;
  • үй-жайларда пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;
  • адамдар жаппай жиналатын үй-жайдан, ал бұл 50 және одан да көп адам жиналатын орында кемінде 2 эвакуациялық шығу жолы болуы тиіс.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу