ТЖМ: Жылу энергетикасы нысандарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимыл талқыланды

474

Семинар аясында жылу энергетикасы объектілерінде ТЖ жою кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл мәселелері қаралды.  

ТЖМ: Жылу энергетикасы нысандарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимыл талқыланды Фото: gov.kz

Бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіковтің төрағалығымен орталық және жергілікті атқарушы органдармен "Жылу энергетикасы объектілеріндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимыл алгоритмі" тақырыбы бойынша семинар-кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Семинар-кеңес барысында Екібастұз қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ жою тәжірибесі қаралды.

Талқылауға мүдделі мемлекеттік органдардың, ЖАО, ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің өкілдері бейнеконференц-байланыс арқылы қатысты.

Аталмыш семинарды өткізу төтенше жағдайларды жою кезінде жедел және дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу