ТЖМ жылыту маусымында әлеуметтік осал топтағы тұрғындарды ерекше назарда ұстайды

516

Әлеуметтік осал санатындағы адамдар тұратын 106 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынған.  

ТЖМ жылыту маусымында әлеуметтік осал топтағы тұрғындарды ерекше назарда ұстайды Фото: total.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі" тақырыбында өткен брифинг барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

 Жыл сайын жылыту маусымы алдында ТЖМ әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп әлеуметтік осал  топ санатындағы тұрғындардың санын есептейді, бұдан әрі оларға атаулы профилактика көрсету үшін есепке алады. Вице-министр Марат Күлдіковтің айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік осал санаттағы жандар тұратын 106 мыңнан астам тұрғын үй тіркелді.

Жалпы, елімізде жыл сайын 12 мыңнан астам өрт болады, салдарынан 400 астам адам қаза табады. Өрт пен қаза тапқан адамдардың негізгі үлесі тұрғын үй секторында тіркеледі екен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу