Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең төмен мөлшері ұлғайтылды

1073

Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең төмен мөлшері ұлғайтылды

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына түзетулер бекітілді, деп хабарлайды ҚҰ Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Ұлттық Банк "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 188 қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) қабылданғаны туралы хабарлайды. 
Қаулы "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңына және өзге заңнамалық актілерге сәйкес әзірленді. Сондай-ақ қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын, жеткілікті түрде капиталдандырылған, қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде халық үшін қауіпсіз қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ете алатын ұйымдардың (уәкілетті ұйымдардың) қолма-қол шетел валютасы нарығында жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 
Атап айтқанда, қаулы уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін ұлғайтуды көздейді. Қаулыға сәйкес уәкілетті ұйымның жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Астана және Алматы қалаларында орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 30 миллион теңгені, облыстардың әкімшілік орталықтарында орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 20 миллион теңгені, басқа жерде орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 10 миллион теңгені құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу