Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті кеңейтіледі

726

Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды. 

Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті кеңейтіледі

Заң жобасы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуді, спорттық инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруды көздейді.  

"Уәкілетті органның құзыреті ұлттық спорт түрлерінің тізбесі мен балаларға арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту сонымен қатар мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативін нақтылау функциялармен толықтырылды", – деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. 

Министрдің мәлімдеуінше, жергілікті атқарушы органдарға дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің санын арттыру, халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт нұсқаушыларының санын көбейту, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты бекіту және орналастыру, балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубтарының желісін кеңейту құзыреті берілді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу