Уақтылы тазартылмаған мұржа көміртегінен екі адам уланды

489

Ер адам және ағасы қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылды. 

Уақтылы тазартылмаған мұржа көміртегінен екі адам уланды Фото: google

24 сәуірде Ұлан ауданындағы Белая гора кентінде қатты отынмен жылытылатын пештің ақаулығы, атап айтқанда мұржаның уақтылы тазартылмауы себебінен 1984 жылы туған үй иесі мен оның 1980 жылы туған ағасы улы газдан уланып, салдарынан ауруханаға жатқызылды.

ШҚО ТЖД қызметкерлерінің тұрақты ескерту жұмыстарына қарамастан, тұрғындар үйлерінің қауіпсіздігі тек олардың жауапкершілігінде екенін түсінуі керек. Иелердің әрқайсысы өз мұржасын тазалап, тұрғын үйді өртке қарсы күйге келтірмейінше, жағдай шешілмейді.

Құтқарушылар өз өмірін сақтау үшін мыналарды орындау қажет екенін ескертеді:

- Пешті 3 айда кемінде 1 рет тазалап отыру қажет.

- Жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз

- Қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды

- От жағуды ұйқыға жатарда  бірнеше сағат бұрын аяқтауға тырысыңыз. Ысырманы жаппаңыз, улы газдан уланудан гөрі жылудың аздап жоғалғаны жақсырақ.

- Желдетуді тексеріңіз. Тарту күшінің болмауы көміртегі тотығымен улануға әкелуі мүмкін, делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу