Уақыт белдеуі: Қазақстандықтардың жұмыс кестесінде қандай өзгерістер болады?

163

Ведомство басшысы мұны өндіріс процестеріне қарай шешуге болады деп отыр. 

Уақыт белдеуі: Қазақстандықтардың жұмыс кестесінде қандай өзгерістер болады? Фото: freepik

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елдегі жұмыс кестесін бір сағат артқа жылжытуға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Біз петицияны қараған кезде шешім қабылдадық қой. Соның ішінде ұсынымдар болды. Яғни, ешқандай заңнамада жұмыс кестесін өзгерту үшін шектеулер жоқ. Мұны өндіріс процестеріне қарай шешуге болады. Мысалы, сегізден бастап дегендей, ол да болады. Көп өңірде адамдар сегізден бастап жұмыс істеп жатыр. Бұл менің шешімім емес қой. Министрлікте жұмыс уақытының икемді кестесі дейді ғой, 30 пайызға рұқсат береміз. Яғни, жұмысты ертерек бастайсыз, ертерек түскі ас ішесіз, кешке ертерек үйге қайтасыз дегендей",  деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Журналистер бұл ұсынысты қолдайсыз ба деп нақтылады.

"Мен қарсы емеспін. Бізде (ред. – министрлікте) де сондай адамдар бар икемді кесте бойынша жұмыс істейтін",  деп қысқа қайырды Арман Шаққалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу