Уақыт белдеуі: Министр түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізілді деген пікірмен келіспеді

248

Министрлік бірыңғай уақыт белдеуін жақтайтындар да, қолдайтындар да бар дегенді алға тартты.  

Уақыт белдеуі: Министр түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізілді деген пікірмен келіспеді Фото: eec.eaeunion.org

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде қандай өңірлерді аралағанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мына шешімді дайындаған кезде біздің министрліктің өкілдері бес-алты өңірге барып, адамдармен, қоғам белсенділерімен, бизнесмендермен кездесті, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз басым арнайы Шығыс Қазақстан облысына – Өскеменге, Қатон-Қарағайға, Бұқтырмаға, Алтайға барып, адамдармен кездестім. Әртүрлі пікірлер айтып жатыр. Бізде өңірлерге бару үшін арнайы кесте бар. Оған сәйкес ШҚО-да ғана емес, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысында болдым. Шығыстағы көп тұрғын пікірлер айтты, олардың жартысы қолдаймыз деп айтқан. Олар "біз ерте тұрамыз, ерте бізге ыңғайлы" деп айтады",  – деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Ведомство басшысы бұл Үкіметтің қаулысы екенін, министрліктің бұйрығы немесе біреудің ұсынымы емес екенін жеткізді. 

Журналистер "Өзіңіз басқаратын министрліктің түсіндіру жұмыстары әлсіз екенін мойындайсыз ба?" деп сұрады. 

"Жоқ, мен солай деп айта алмаймын. Біреулерге (ред. – уақыт белдеуінің ауысуы) ол ыңғайсыз, ол түсінікті. Біреулерге ыңғайлы, бұл өздерінің пікірі. Ол дұрыс қой. Мен "сізге ұнамайды, бірақ сіз үндемей жүріңіз" деп айта алмаймын ғой", – деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Айта кету керек, осыған дейін атқарушы билік уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген деп отырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу