Уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды

204

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді.

Уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды Фото: Pixabay.com

"E-Petition.kz" ресми порталында жарияланған петиция ресми қарау үшін қажетті қол жинады. ҚР ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес, елу мың қол қою шегіне жеткеннен кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚР ӘРПК-нің 90-5 бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күнді құрайды. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады", - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу